Жақыпбеков Қабыл

1915 жылы Баянауыл ауылында туған. Баянауыл аудандық әскери комиссариаты арқылы 1941 жылы Қызыл әскер қатарына  шақырылған.1941 жылғы 25 шілдеден 1946 жылдың 25 маусымына дейін Ұлы Отан  соғысында болған.ДВК Бирибиджан қаласында бір жыл болып, Украина, Белоруссия, Литва, Латвия, Польша жерлері арқылы Германияның Штетин деген  қаласы  жанындағы шайқастарға қатысқан.Теміржол батальонының 23 бригадасының 34 бөлімінде болды.

Соғыстан кейінгі бейбіт жылдары Баянауыл ауылдық кеңесінде хатшылық қызмет атқарған. Баянауылдағы  Мемлекеттік банк мекемесінде,1957-1959 жылдары Жосалы ауылында бухгалтер болып жұмыс істеген.Одан  кейінгі жылдары Баянауыл селосында «Заготзерно», «Водстрой» мекемелерінде қызмет жасайды. Зейнеткерлікке 1978 жылы шығып, сол жылы дүниеден озды.

Соғыстағы ерлігі және бейбіт замандағы ерен еңбегі үшін «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Кенигсбергті алған үшін», «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,  «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медалдарі; «КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл», «Тың жерлерді игергені үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдар; «Еңбек ардагері» атанды.