1914 жылы туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1976 жылдың 17 сәуірінде қайтыс болған.
Әскери білімі. Полк мектебі (РКФСР) Блоговещенск қ.
Атағы. Аға лейтенант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1936 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына 46-шы атқыштар дивизиясының 314-ші атқыштар полкі құрамында (Батыс, Калинин, Ленинград, Оңтүстік 2-ші Белорус майдандары) барлау басшысы, атқыштар ротасының командирі, танкіге қарсы қару ротасының командирі ретінде қатысқан. Смоленск, Сталинград бағытындағы, Карель мойнағындағы шайқастарға қатысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Павлодар кеңшарлық малшылар мектебіне (Павлодар облысы Каганович ауданы Ермак а.) директор, (Қызыл Крест) қоғамының Павлодар обкомында төраға, Қазақ зағиптар қоғамының оқу- өндірістік шеберханаларында (Павлодар қ.) директор болып істеген.
Марапаттары. Ордендер: Красного Знамени, Александр Невского, Красной Звезды; медальдар: «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».