1915 жылдың 10 мамырында туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Егіндібұлақ а. тумасы.
Әскери білімі. Оқу полкі (РКФСР Владивасток қ.)
Атағы. Аға сержант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың тамызында шақырылған. 4-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында атқыштар бөлімшесінің командирі ретінде соғысқан. Сталинград қ. үшін шайқастарға, Ростов-на-Дону, Таганрог ққ. (РКФСР), Украинаны азат етуге қатысқан. 1944 жылдың қаңтарында жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. «Майкаиналтын» комбинатының № 1 фабрикасында аға шебер, бригадир, байыту фабрикасында жіктеу маманы, аға жіктеу маманы, күзетші, кочегардың көмекшісі, қосалқы шаруашылық цехында слесарь, «Бірлік» кеңшарында (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) қара жұмысшы. Павлодар автокөлік тресі 2566 автоколонасының косалқы шаруашылығында, Ленин автокөлік экспедициялық кәсіпорнында малшы, № 242 жол-пайдалану учаскесінде (Павлодар облысы) жол қызметкері болып істеген.
Баянауыл ауданының құрметті азаматы.
Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны I степени, Трудового Красного Знамени; медальдар: «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жылдығы», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жыл», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жыл», «60 років визволения Украіни від фашистських загарбників» (Украина); белгі: «1941-1945 жж. соғыс ардагері».