1924 жылдың 25 қарашасында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы;
Әскери білімі.
Тамбов әскери-жаяу әскер училищесі (Семей қ. 1942).
Атағы. Капитан.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың 26 тамызында шақырылған. 94-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 283-ші гвардиялық атқыштар полкі құрамында взвод командирінің көмекшісі; 15-ші жеке жазалау батальонының (Дала, 2-ші Украин майдандары) аға кеңсе хатшысы ретінде соғысқан. Венгрияны, Румынияны, Чехославакияны, Германияны азат етуге қатысқан. 1945 жылдың желтоқсанында әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Павлодар облыстық атқару комитетінің шағым түсіру бойынша қабылдау бөлімінде меңгеруші, ұйымдастыру-нұсқау бөлімінде меңгеруші, Май, Лозов аудандық атқару комитетінде төраға, Ертіс ауылшаруашылығы өнімдеріндайындау басқармасында басқарушының орынбасары, Павлоар аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында дайындау бойынша аға инспектор, Павлодар облыстық кеңшарлар басқармасында басшының бірінші орынбасары, Павлодар облыстық ауыл шаруашылық басқармасында (Павлодар облысы) басшысының кадрлар жөніндегі орынбасары, басшысының бірінші орынбасары, басшы болып істеген.
Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері.
Марапаттары. Ордендар Отечественной войны II степени, Красной Звезды, Трудового Красного Знамени (екеу), Дружбы народов; медальдар: «За освобождение Праги», «За взятие Будопешта», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель»; мерейтойлық медалі «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі.