Биыл КСРО-ның ыдырауын желдеткен Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толып отыр. 1986 жылдың 16 желтоқсанында Алматыдағы бұрынғы Брежнев алаңына мыңдаған жас жиналып, «қазақты қазақ басқарсың» деп Колбиннің орнынан кетуін талап еткен болатын. Кеңес билігі жастарды алаңнан күшпен қуып, асқан қатыгездікпен басып жаныштады. Ұлтының азаттығы мен теңдігі жолында шыбын жанын құрбан еткен атпал азаматтың бірі Қайрат Рысқұлбеков болатын. Тарихқа тағзым күні «Қайсар рухты қазақ» атты Желтоқсан құрбандарының бірі Қайрат Рысқұлбеков туралы бейнебаянын ұсынамыз.