Чемпионат

“Оқу көшбасшылары”

 

С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастастыруымен, аудандық және қалалық ОКЖ-нің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың 125 жылдығына арналған дауыстап мәнерлеп оқудан облыстық чемпионат өтеді.
Чемпионатқа қатысу үшін өтінімдер аудандық және қалалық кітапханаларға беріледі. Байқауға 18-30 жас аралығындағы оқырмандар қатыса алады.
Чемпионат екі бөлімнен тұрады:
1. Поэзия
2. Проза

Чемпионатта пайдаланылу керек әдебиеттердің тізімі.
«ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА – 30 КІТАП»

Поэзия
1.Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан»
2. Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным»
3.Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап»
4.Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы»
5.Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары»
6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души»

Проза
1.Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі»
2.Тобық Жармағамбетов «Отамалы»
3.Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр»
4.Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет»
5.Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ»
6.Тұрысбек Сәукетай «Желқайық»

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АҚЫН ЖАЗУШЫЛАРЫ – 2021 ЖЫЛ МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІ

Зейтін Ақышев 110 жыл
Бикбулат Хазыров 95 жыл
Бахытжан Канапьянов 70 жыл

Аудан бойынша іріктеу 2021 жылдың 16-шы сәуірінде өтеді.