«Адалдық-ардың ісі»

         

 

Тура биден туған жоқ, туғанды биде иман жоқ

Бүгін аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Парасат жолы» орталығы аясында «Адалдық-ардың ісі» тақырыбында пікір алмасу дөңгелек үстелі өтті.

Жобаның басты мақсаты –қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету.

Бүгінгі пікіралмасу алаңына тақырыпқа сәйкес өз пікірімен Мұса мырза мешітінің бас имамы Саян Арыстанбекұлы, Баянауыл ауданы жастар орталығының директоры Ренат Қуатжанұлы, Баянауыл ауданы ресурстық орталықтың директоры Айбат Сейсенбекұлы, Баянауыл орталық аурухананың дәрігері, белсенді жас Нұрсұлтан Зекішұлы, Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Зейнұр Әсемғалиұлы бөлісті. Сонымен қатар Баянауыл 2 ЖББОМ-нің 9, 10 сынып оқушылары қатысты.

Еңсесі биік дамыған мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта, сол адами қалып парасат биігінен көрінуге тиіспіз. Міне, бүгінгі жиынның басты мақсаты да осы болатын.

#парасатжолы