«Менің сүйікті ертегім» онлайн байқау

Баянауыл орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті ертегім» атты  онлайн байқау жариялады.

Байқау ағымдағы жылдың  2 сәуірінен басталып, 7 сәуірге дейін жалғасты. Аталмыш байқауға 1-5 сынып аралығындағы 68 бүлдіршін қатысып, тақырыпқа сай бейнероликтер жіберді.

Байқаудың нәтижесі бойынша, жас ерекшеліктеріне байланысты 2 топқа бөлініп марапатталды.

1-3 сынып аралығы бойынша жүлделі  І-орынды:  Жакупова Сабина, Майқайың № 2 ЖОББМ-нің 2 сынып; Абушахман Ерасыл, Баянауыл №2 ЖОББМ-нің 2 сынып;  ІІ-орынды: Темиров Мейржан Баянауыл З. Ақышев ЖОББМ-нің 2 сынып; Қабдолла Аружан Егіндібұлақ ЖОББМ-нің 1 сынып, ІІІ-орынды Құсайын Еркенұр Лекер ЖОББМ-нің 2 сынып; Қуан Елдана Егіндібұлақ ЖОББМ-нің 2 сынып; Ганбатқызы Назерке Служон ЖОББМ – нің 1 сынып оқушылары иеленді.

4-5 сынып аралығы бойынша, І-орынды: Амангелді Ақерке, Біріншімай бастауыш білім беру мектебінің 4 сынып, Жұмақан Аружан, Лекер ЖОББМ-нің 4 сынып оқушысы;  ІІ- орынды: Гайноллаева Саяжан, Е. Бекмаханов ЖОББМ-нің 5 сынып(Ұзынбұлақ); Ағайынқызы Алтыннұр Үшқұлын ЖНББМ – нің 4 сынып;  ІІІ-орынды: Нұриден Ақерке Қ. Кемеңгеров атындағы ЖОББМ-нің  5 сынып(Ж. Шанин); Рахметолла Нұрай Ақши ЖНББМ-нің 5 сынып; Жанарбекұлы Ержанат Баянауыл З. Ақышев ЖОББМ-нің 5а сынып оқушылары иеленді.

Барша қатысқан бүлдіршіндерге зор алғыс білдіреміз!

Марапаттарыңыз құтты болсын!

#меніңсүйіктіертегім

 

Instagram

Facebook