Балаларды қорғау күні құтты болсын!
1 маусым күні Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні тойланады. Тарихи деректерге сүйенсек, алғаш рет бұл мейрам 1925 жылы АҚШ-тағы Қытай елшілігінің ұйымдастыруымен өткен. Елшілік Дуань-у-цзе мейрамына қытайлық жетім балаларды шақырған. Олар айдаһар қайықтар шоуына тамсана қарап, түрлі сыйлықтар алып өте қуанышты күйге бөленген. Осыдан барып мейрам жыл сайын ұйымдастырыла бастаған. 1 маусымды Халықаралық балаларды қорғау күні деп атауға осы оқиға себеп болды ма әлде басқасы ма, ол жағы нақтыланбаған. Десе де, бұл мейрам жайлы 1925 жылы Женева мен Балалардың саулығы әлемдік конференциясында кеңінен айтылған. Балаларды қорғау күні – балалар көңіл көтеретін шуақты мейрам ғана емес, барлық балалар бақытты өсіп-жетіліп, білім алып, сүйген ісімен айналысып, болашақта жақсы ата-ана мен елінің ардақты азаматы атану үшін балалардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын еске салатын уақыт.
Аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен ауданымыздың психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ерекше білімді қажет ететін балалары үшін «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің…» атты қызықты ойындар мен викториналар өткізілді.