Мамыр айында жасөспірімдерді кітап оқуға тарту мақсатында «Мен оқыдым, саған оқуға кеңес беремін!» атты ұранмен сүйікті кітаптарымен түскен фотосуреттерімен «Селфи сүйікті кітабыммен» атты шараға қатысуға шақыратын акция жарияланған болатын. Акция жайлы мәліметтер Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Кітапхана-білімнің күн шуағы десек, «Ізденсем, білсем» деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. Балалардың ата-аналары да, өздерінің алғашқы оқыған кітаптарын еске ала отырып, сол кітаптарды оқуға шақырды.
Оқырмандар шара барысында суретке түскен кітабы жайлы қысқаша мағлұмат берді. Акция қорытындысында фотокөрмеге келген оқырмандар ұсынылған кітаптарды алып оқуға ниет білдірді.