Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілді.
Қазақстанда ең көне музыкалық аспап мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
Баянауыл орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде айтулы мерекеге орай «Домбыра – асыл мұра» атты тарихи медиа саяхат өтті. Шараға Д. Рахметов атындағы ЖОББМ «Балдәурен» сауықтыру лагерінің оқушылары қатысты. Шара барысында балалар домбыраның құрылысымен танысып, домбыра жайлы мағлұмат алып, аңыздарын тыңдады.
Іс-шараның мақсаты — оқырмандарды қазақтың ұлттық аспабы — домбырамен, оның тарихымен, дизайны мен түрлерімен таныстыру, қазақ халқының рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілікке баулу.