Балалардың бос уақытын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытып, кітапханамыздағы атадан балаға мұра болып қалған асыл қазынамызбен таныстыра отырып, балаларды кітап оқуға баулу мақсатында Лекер жалпы білім беретін мектеп ұстаздармен бірге кітапханамызға саяхаттап келіп, қонақта болды.
Алдымен әрқайсысы өздерінің таңдаған кітаптарын оқып, сонан соң оқырмандар, оқыған кітаптарын қысқаша мазмұндап берді. «Таныс болыңыз, жаңа кітаптар!» атты тақырыпта жасақталған кітап көрме оқырмандарға насихатталды. Кітап көрмесіне қойылған кітаптар «Алладин», «Кірпінің құпиясы», «Кішкентай маймыл», «Жоғалған доп», «Дара мен алаяқ түлкі», «Әуесқой марғау», «Бақа ханзада», «Мәртебелі Гатто», «Бала айдаһар», «Жасырынбақ», «Қызыл қоныз», «Іскер аюлар отбасы», «Ержүрек құмырсқа» т.б балаларға арналған кітаптар таныстырылды . Мақсаты: оқырмандарымыздың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапханаға тарту .
Саяхаттап келген оқырмандарымыз кітапханамыздан рухани нәр алып, терең әсер алып өз ризашылықтарын білдіріп алғыс айтты.