«Кел, ертегі оқиық» дауыстап оқу іс шарасы

Баянауыл орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен  балалар  арасында кітап оқуды насихаттау, кітапханаға оқырмандар тарту, кітапхана мен кітаптың оқырманының беделін көтеру және балалардың жазғы демалысында бос уақыттарын дұрыс пайдалану  үшін «Балалыққа кітаппен барар жол» жазғы кітапхана жобасы аясында «Кел, ертегі оқиық» дауыстап оқу іс шарасы  өтті. Бұл іс – шараға  Үшқұлын кітапханасының кітапханашысы Сагынтаева Г. дайындаған 4 сынып оқушылары қатысты. Балалар ертегіні  мәнерлеп оқумен қатар,  ертегі кейіпкерлеріне дубляж жасауды да көрсетті.

 

 

Instagram

Facebook