Сәтбаев ауыл кітапханасының кітапханашысы Қазақстан Ресупбликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы туралы.

Сәтбаев ауыл кітапханасының кітапханашысы Әсел Ахаеваның Қазақстан Ресупбликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы туралы:
Былғы жолдауында мемлекет басшысы әдеттегідей ел эконмикасының дамуынадағы маңызды эфакторлар саналтын салаларға тоқталды. 5 бастаманы айқындап, тиісті органдарға осы бағыттарда жұмыстар атқаруы үшін нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде әлеуметтік салаларға баса тоқталды. Атап айтқанда Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер және басқа әлеуметтік сала еңбеккерлерінің жалақысын көтеруде тапсырды.
Расымен де кітапханашылардың жұмысы сырт көзге елеусіз көрінгенмен қоғамдағы маңызы орасан. Әсіресе рухани жаңғыру тұрғысынан кітапхана ролінің ерен екенін атап өту қажет. «Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды» дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі кітапхана екенін мойындауымыз қажет. Ендеше мемлекет басшының кітапхана саласының еңбеккерлерін елеп, назардан тыс қылмауы орынды құбылыс деп санаймыз.

 

Instagram