Исин Жылқыбек

1926 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл селосында дүниеге келген.

Әскери білімі. Зенитші, атқыш.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Әскери жолы. 1943 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақыртылып Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1943 – 1945 жылға дейін екінші Белоруссия шайқасында зенит – ракета әскері қатарында болды. 1945 – 1950 жылдары Мәскеу облысында әскери борышын жалғастырды.

Ұлы Отан соғысының жауынгері абыроймен елге оралғасын туған жердің еңбегіне қызу араласып, 1950 жылдан 1956 жылға дейін «Майқайыңалтын» комбинатына қарасты Жосалы кенішінде 6 – дәрежелі ұста болып жұмыс атқарды .

1960 жылдан бастап Жосалы ауылында құрылыс шебері, ауыл директорының орынбасары, жұмыс комитетінің председателі, прораб қызметін атқарған.

1975 жылы 10 маусымда дүниеден өтті.

Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында жанқиярлық еңбегі үшін», Берлин  қаласында қоршауда қалған неміс әскерін талқандауда тамаша жауынгершілік әрекеттері үшін Кеңес Одағының маршалы Сталин мырзадан Алғыс  хат  алды.