Канафин Жағыпар

1925 жылдың 9 мамырында Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген.

1943 жылы Қызыл әскер қатарына алынып, Смоленск қаласынан соғысқа аттанды. ІІ – Белорусь майданында болып, Ұлы Жеңісті Германияда Эльба өзенінің жағасында қарсы алған. Варшава, Берлин, Германияны азат етуге қатысқан. 1945 жылы елге аман оралған.

Жеке тектік құжаттары бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы құжаттары бөлімінде «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жиырма жылдығы», «КСРО Қарулы Күштерінің  60 жылдығы», «І дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков» медальдарын иегері екендігі жазылған.

Еңбек кітапшасындағы жазу бойынша  Сталин атындағы колхозда «Алексеевка» совхозы болып құрылғанға дейін колхозда 12 жыл еңбек еткен.

1957 жылдан 1959 жылға дейін «Алексеевка» совхозында  № 6 бригаданың есепшісі болып жұмыс істейді.

1959 жылдан 1967 жылға дейін «Алексеевка» совхозрабкоопының Егіндібұлақ бөлімшесінде дүкен сатушысы болды.

1968 жылдан 1979 жылға дейін Баянауыл аудандық тұтынушылар қоғамында  «Алексеевка» сауда бірлестігінде сатушы қызметін атқарды.

1979 жылдан 1980 жыл аралығында «Алексеевка» совхозының № 2 бөлімшесінде жұмысшысы болды.

1980 жылдан бастап «Лекер» мал бордақылау пунктінде мал азығын дайындаушы болып қызметін атқарып, сол жерден 1985 жылы жасына сай зейнеткерлікке шықты.

Ұлы Отан соғысына қатысып, бейбіт заманда көптеген салаларда еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққаннан кейін де өз білгенін жас мамандарға үйретіп, ақылшы бола білді.

2003 жылдың 18 қаңтарында 78 жасында дүниеден өтті.