Каримов Ғапу

1918 жылы Баянауыл ауданы, Теңдік ауылында туған. 1939 жылы Баянауыл аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысып, 1946 жылы елге оралды. Соғыста 424 артиллериялық  полк, 470 полкта барлаушы қызметін атқарды. Атағы қатардағы.

Соғыстан кейін бейбіт еңбекке араласып, көп жылдар жүргізуші болып, зейнетке шыққан.

Марапаттары: Орден: Отечественной войны II степени; медали «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За победу над Японией», «Еңбек ардагери».