1916 (1919) жылы 1 наурызда туған, Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы; 2004 жылы 10 сәуірде қайтыс болған. Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайың кенті.
Әскери мамандығы. Атқыш.
Атағы. Сержант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1940 жылы 5 ақпанда шақырылған. Ұлы Отан соғысына 33-ші атқыштар бригадасы құрамында бөлімше командирі ретінде қатысқан. Белорус КСР аумағындағы шайқастарға, Москва, Орша, Смоленск ққ. (РКФСР) қорғауға, Украинаны азат етуге қатысқан. 1946 жылы 31 шілдеде әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. «Майкаинзолото» комбинатында экономист, кадрлар бөлімінің басшысы, атқыштар командасының басшысы, астық қоймасының қоймашысы болып істеген (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы ).
Марапаттары. Орден: Отечественной войны II степени; медальдар: «За оборону Москвы», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жылдығы», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі, «60 років визволенния Украіни від фашистських загарбників» (Украина).