1920 жылдың 10 қарашасында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы, 1946 жылдың 26 маусымында қайтыс болған, Хемниц қ. (Саксония жері).
Әскери білімі, мамандығы. Челябинск танкілер училишесі (1944), танкіші, Казань жоғарғы офицерлік мектеп (1944).
Атағы. Гвардия кіші лейтенант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1940 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына 21-ші танкілік дивизиясының 42-ші танкілік полкі құрамында машина командирі; 104-ші танкілік бригада, 41-ші армияның 104-ші танкілік бригадасы Т-26 танкі экипажы құрамында басқарма ротасының сапері, барлау бөлімшесінің командирі; 332-ші өздігінен жүретін артиллериялық полкінің аға механик-жүргізушісі; 7-ші гвардиялық танкілік полкі батальоны (Калинин майданы) командирінің техникалық бөлім бойынша орынбасары ретінде қатысқан. Ленинградты қорғауға, Германияны азат етуге қатысқан.
Еңбек жолы. Цвиккау округі Шварцберг қ. әскери комендатурасында (Саксония) офицер-экономист болып істеген.
Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны ІІ степени, Красной звезды, медальдар: «За боевые заслуги», «За оборону Ленинграда».