Қазанғапов Мейрам

1918 жылдың 5 мамырында туған, Павлодар облысы Қашыр ауданы Жаңақұрылыс а. тумасы; 1982 жылдың 26 тамызында қайтыс болған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті.

Әскери білімі. 22-ші оқу танкілік полкінің мектебі (1943)

Атағы. Старшина.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1940 жылдың 19 мамырында шақырылған. Ұлы Отан соғысына 380-ші атқыштар полкінің бөлімше командирі, 1036-шы барлау полкі құрамында; 22-ші танкілік полкінің механигі –жүргізушісі; Бас Қолбасшылығы Резервіндегі 133-ші атқыштар корпусының 1891-ші өзі жүретін артиллериялық полкі құрамында СУ-76 оқтаушысы ретінде; 593-ші жеке атқыштар полкі құрамында қатысқан. Венгрияны азат етуге қатысқан. 1946 жылдың 20 наурызында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінде өрт сөндіруші болып істеген.

Марапаттары. Орден: Красной Звезды; медаль: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».