1925 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1985 жылы 12 қаңтарда қайтыс болған. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік а.
Әскери мамандығы. Пулеметші.
Атағы. Гвардия сержанты.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы қарашада шақырылған. 2-ші танк армиясы 5-ші жеке гвардиялық мотоцикльдік полк құрамында мотоцикльдік батальон автоматшылар взводының автоматшысы, №1 жеке пулемет ротасының пулеметшісі ретінде соғысқан (1-ші Белорус майданы) Польшаны, Германияны азат етуге, Берлинді алуға қатысқан.
Еңбек жолы. 1974 жылға дейін әскери қызметте болған.
Марапаттары. Ордендер: Красной Звезды, Славы ІІ степени, Славы ІІІ степени; медальдар: «За отвагу», «За боевые заслуги», «За освобождение Воршавы», «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За безупречную службу» І степени, «За безупречную службу» ІІ степени.