Қаппасов Кәкім

1923 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік  а. тумасы; 2011 қайтыс болған.

Әскери білімі. Кіші командирлер курсы (Свердловск облысы Камышловский кенті, 1942).

Атағы. Гвардия старшинасы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылы 14 желтоқсанда шақырылған. Солтүстік-Батыс майданы 53-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 123-ші гвардиялық артиллериялық полк құрамында барлаушы ретінде соғысқан.

Брянск және Рижск бағыттарындағы шайқастарға, Москваны, Ленинградты қорғауға қатысқан. 1944 жылы жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Бірлік» кеңшарында жұмыс істеген.

Марапаттары. Ордендер:  Отечественной войны І степени, Красной Звезды, Славы ІІІ степени; медальдар «Еңбек ардагері», «За освоение целинных земель»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жыл», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жыл»; белгісі «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».