Мәдин Имаш Бағанұлы

1915 жылдың 5 желтоқсанында туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 2001 жылдың 25 наурызында қайтыс болған, Алматы қ.

Атағы. Қызыл әскер.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1940 жылдың 9 қарашасында шақырылған. Ұлы Отан соғысында 1-ші Белоруссия майданы 61-ші армия 82-ші атқыштар дивизиясының 210-шы атқыштар полкі құрамында жүк тасушылар бөлімшесінің командирі ретінде шайқасқан. Балтықбойын азат етуге қатысқан.

Еңбек жолы. Мұғалімдерлі сырттай оқыту бойынша Республикалық ғылыми-әдістемелік кабинеті мұғалімдерді оқыту секторының бастығы, директоры, Абай атындағы Қазақ қыздар педпгогикалық институты педагогика кафедрасының оқытушысы, меңгерушісі, оқу бөлімі жөніндегі проректоры (Алматы қ.) болып жұмыс істеген. Педагогика ғылымдарының кондидаты.

Марапаттары. Ордендер: Ленин, Красного Знамени, Отечественной войны І степени.