Мәліков Айтыш (Айтып)

1920 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған.

Әскери мамандығы. Минометші.

Атағы. Гвардия сержанты.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы шақырылды. 7- ші гвардиялық кавалерия полкінің құрамында 2-ші гвардиялық кавалерия дивизиясы (Воронеж, Западный, 1-ші Украин майдандары) миномет командирі ретінде соғысты. Луцкий плацдармын (Украин КСР) ұстап тұру ұрыстарына қатысты. 1946 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Қазақстан КП (б) Баянауыл аудандық комитетінің есеп секторының меңгерушісінің, әскери бөлімі, партия кабинеті, Майқайың жедел аунктінің уәкілі, Қазақ КСР МАБ Екібастұз қалалық бөлімшесінің аға жедел уәкілі (Павлодар облысы бойынша), Баянауыл ауданының Октябрь МТС партия ұйымының хатшысы, Қазақстан Компартиясы Баянауыл аудандық комитетінің нұсқаушысы, хатшысының көмекшісі, Баянауыл аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы, Баянауыл ауданының ескерткіштерін қорғау комитетінің төрағасы (Павлодар облысы) болып жұмыс істеді.

Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени, Красной Звезды, Славы ІІІ степени ордендер; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель» медальдар; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг» мерейтойлық медальдар.