Носков Василий Иванович

1902 жылы туған, Ресейдің  Ярославск уезі  Норское аулының тумасы.

Әскери мамандығы. Командирдің саясат жөніндегі орынбасары.

Атағы. Майор.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына Калинин майданы 234-ші дивизия 357-ші жеке медициналық – санитарлық  батальон құрамында әсери комиссар; 49-шы армия 70-ші атқыштар дивизиясы 397-ші жеке медициналық-санитарлық батальон құрамында командирдің саясат жөніндегі орынбасары ретінде қатысқан. (Орталық, 2-ші Белорус майдандары).

Еңбек жолы. «Баянауыл» кеңшарының есеп жүргізушісі, «Южный» кеңшарының жұмысшысы болып жұмыс істеген (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).

Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени, Красной Звезды

ордендері; «За оборону Москвы», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. » медальдары.