Сәденов Қапан

1916 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылының тумасы.

Атағы. Лейтенант.

Жауынгерлік жолы. 1939 жылғы 27 қазанда ЖШҚА-ға шақырылды. Ұлы Отан соғысына 87-ші атқыштар дивизиясы 1382-ші атқыштар полкінің құрамында взвод командирі ретінде қатысқан. 1946 жылдан кешікпей әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінде қазақ орта мектебінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалі.