Төленбеков Серікбай

1924 жылы туған. Павлодар уезі, Баянауыл болысы Қызылшілік ауылының тумасы.

Әскери мамандығы. Кавалерист.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдың 4 сәуірінде шақырылған. Ұлы Отан соғысына 7-ші гвардиялық атты әскер дивизиясы 21-ші атты әскер полкі құрамында кавалерист ретінде қатысқан.Тұтқында болған, босатылған. 13-ші запастағы атқыштар дивизиясының 28-ші запастағы полкі құрамында атқыш ретінде қызмет еткен. 1947 жылдың 19 шілдесінде әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы, Баянауыл ауданының «Южный» совхозында, бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары болған.

Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени ордені.