Прокопенко Михаил Филиппович

1918 жылы 30 қазанда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінің тумасы. 2003 жылы қайтыс болды.

Әскери мамандығы. Атқыш сапер.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік жолы. 1941 жылы ЖШҚА-ға шақырылды. (1942 жылғы сәуірден кешікпей). 144 –ші атқыштар полкінің құрамында атқыш ретінде соғысқан. Украинаны азат етуге қатысқан. 1944 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Сұрыптаушы, Куйбышев аудандық байланыс конторасы бастығының көмекшісі, Баянауыл ауданы Майқайың кентінің байланыс торабы байланыс бөлімшесінің бастығы болып жұмыс істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени ордені; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалі.