Размазин Анатолий Александрович

1920 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери білімі. Ленинград әскери округінің байланыс мектебі (1940); офицерлік училище (РКФСР, Псков облысы Остров қ. 1945).

Атағы. Гвардия кіші лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылдың 9 қаңтарында шақырылған. Ұлы Отан Соғысына 86-шы атқыштар дивизиясының 284-ші атқыштар полкі, 128-ші атқыштар дивизиясының 533-ші атқыштар полкі құрамында радист, радиостанция басшысы; 146-шы гвардиялық атқыштар полкі құрамында пулемет взводының командирі ретінде соғысқа қатысқан (Ленинград, Солтүстік-Батыс, 3-ші Балтық бойы майдандары). Ленинградты, Ханкотүбегіндегі әскери-теңіз базасын қорғауға, Шығыс Пруссияны азат етуге қатысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облыстық «Павлодарская правда» газетінің редакция бөлімінде меңгеруші, Павлодар облысы бойынша Үрлітүп аудандық «Ударник полей» гозетінің редакторы болып жұмыс істеген.

Марапаттары.  Орден Красной звезды; медальдар: «За отвагу», «За оборону Ленинграда», «За взятие Кенигсберга», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».