Райымбеков Айтмағамбет

1917 жылы Баянауыл ауданында туған, 1938 жылы әскери міндетін атқаруға жіберіліп, сол жақтар Ұлы отан соғысына қатардағы жауынгер болып аттанды.

Фин соғысына, Украин бағытындағы соғысқа қатысып бір қолынан айырылып, елге оралды. Елде ауыл шаруашылығымен айналысты. Октябрь ауылынан 7 шақырым жердегі Ұзынағаштың бойында құс фермасында үйрек өсіріп, құс етімен ауыл тұрғындарын қамтамасыз еткен. Көп жылдар бойы Октябрь ауылында орналасқан ескі мектепте от жағушы болып жұмыс істеген. Жұбайы Қазизамен отбасын құрып, бала-шағалы болды. Балалары ержетіп бір-бір шаңырақ көтерген отбасылар. 1983 жылы дүниеден өтті.

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл», «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталған.