Райымбеков Ешмағамбет

1907 жылы туған, Әскер қатарына 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған жылы шақырылды. Соғыста Польша, Чехославакияны азат етуге қатардағы жауынгер ретінді қатысқан.

1945 ылы соғыстан оралды. Соғыстан келген соң 1946 ылы Сағынқызы Құснимен отау құрып, бір қыз, бір ұл тәрбиеледі. Соғыстан кейінгі уақыттан, 1967 жылға дейін Баянауыл кеңшарында қой бағып, мал басын көбейтуге өз үлесін қосты. Адал еңбек етіп, абыроймен зейнеткерлікке шықты. Көптеген ауданның, облыстың ауыл шаруашылық министірлігінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

1980 жылы Октябрь ауылында 73 жасында дүниеден өтті.

Марапатты. «Двацать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Вооруженным силам СССР 50 лет» мерейтойлық медальдары.