Рахимбаев Муздыбай (Муздвай)

1914 жылы туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 1983 жылы 5 қаңтарда Павлодар облысы Павлодар ауданының Мойылды ауылында қайтыс болды.

Атағы. Гвардия қатардағы жауынгері.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жыл маусымда шақырылған. Ұлы Отан соғысында 2-ші Белорус майданында 66-гвардиялық ауыр өздігінен жүретін артиллерия бригадасының 421-гвардиялық ауыр өздігінен жүретін артиллерия полкі құрамында автоматшы ретінде соғысқан. 1945 жылы қарашада әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Кешенді бригаданың жұмыскері, бригадирі; «Мойылды» қосалқы шарушылығының шабындық жерлері мен егістік алқабының қорушы-күзетшісі болып жұмыс істеген.(Павлодар ауданы).

Марапаттары. «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Ветеран труда» медальдары; мерейтойлық медальдары: «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг»., «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» .