Рахметов Абдолла

1919 жылы 24 сәуірде туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Байланысшы.

Атағы. Аға лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1940 жылдың қаңтарында шақырылған. Ұлы Отан соғысына 732-ші зениттік- артиллерия полкі құрамында басқару орнының басшысы (Орталық майданы); 139-шы запастағы атқыштар полкінде взвод командирінің көмекшісі ретінде қатысқан. Москва қорғанысына қатысқан. 1948 жылдың сәуірінде әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Куйбышев ауданы «Екібастұз» кеңшарында радист болып жұмыс істеген.

Марапаттары.  «За оборону Москвы», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдары.