Рахметов Дюсенбай (Дюсембай)

1914 жылы 14 қыркүйекте туған. Павлодар  облысы Баянауыл ауданының тумасы. 1998 жылы 9 маусымда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақсан ауылында қайтыс болған.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылы шілдеде шақырылған. Ұлы Отан соғысында Ленинград майданында 598-жеке сапер батальонында  партиялық ұйымдастырушы ретінде, 7- Армияның 314-атқыштар дивизиясы құрамында 76-барлау ротасының барлаушысы ретінде соғысқан. Ленинград облысының Шлиссельбург қаласын жаудан азат ету шайқастарына қатысқан. (РКФСР). 1943 жылы жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Баянауыл аудандық атқару комитетінің кадрлар секторының меңгерушісі, Баянауыл аудандық халыққа білім беру бөлімінің инспекторы, «Бірлік» ұжымшарының басқарушысы, Сталин атындағы орта мектептің директоры, «Баянауыл » кеңшарының кәсіподағының төрағасы болып жұмыс істеген. (Павлодар облысы Баянауыл ауданы.)

Марапаттары. Отечественной войны І степени, Трудового Красного Знамени, Красной Звезды, Знак Почета ордендері; «За отвагу», «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Ветеран труда», «За освоение целинных земель» медальдары; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне            1941-1945 гг.», «Пятьдесят лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Маршала Жукова Г.К, мерейтойлық медальдары; «25 лет Победы в Великой Отечественной войне » төсбелгісі.