Рахметов Есмагзам (Балта)

1918 жылы 1 қаңтарда Павлодар  уезі Бөрібай ауылында туған. 1988 жылы Шарбақты ауданының Арбиген ауылында қайтыс болған.

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1938 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына 75-бригаданың 3-ші батальоны құрамында; КСРО ІІХК-211-полкінің  3- батальоны құрамында нысанашы, пулеметші ретінде қатысқан.

Еңбек жолы. Баянауыл ауданының Майқайың селосында милиционер, Галкин ауданының Галқин  май заводында жұмысшы, Шарбақты ауданының «Боровой» кеңшарында шопан болып жұмыс ісиеген.

Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени ордені; «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг» мерейтойлық медальдары.