Рахметов Таху

1910 жылы Майқайың кентінде дүниеге келген. 8 сыныптық білім бар. Шучинскі қаласындағы педагогикалық училищесіне оқуға түскенімен, аяқтай алмады. 1941 жылы соғысқа аттанып, Ленинград қаласы түбіндегі ұрысқа қатысқан. Қанды шайқаста оң аяғынан айырылады. Ерлік істері үшін көптеген орден, медальд армен марапатталған.

Елге оралған соң Смаилова Қапастамен отбасын құрып, 3 бала тәрбиелеп өсірген. 1973 жылы қайтыс болған.