Рахымов Сақи

1924 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың тамызында шақырылған. 108-ші атқыштар дивизиясының 407-ші атқыштар полкі құрамында танкіге қарсы қару взводы командирінің көмекшісі ретінде соғысқан. 1943 жылдың қыркүйегінде жарақаттануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Баянауыл ауаткомы жұмылдыру бөлімінің меңгерушісі, Баянауыл ауданы Майқайың поселкелік кеңесінде жауапты хатшы, Павлодар қалалық прокуратурада аға тергеуші, Куйбышев аудандық прокуратурада халық тергеушісі, Куйбышев ауданында прокурор міндетін атқарушы,  прокурор болып жұмыс істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары.  «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медальдары.