Рақымжанов Кәміл

1916 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1950 жылдың (наурызында) қайтыс болған. Павлодар облысы Максим Горький ауданы Қашыр а.

Әскери білімі, мамандығы. Орал әскери округінің Әскери саяси училищесі (РКФСР Свердлов қ. 1943), саяси қызметкер.

Атағы. Гвардия аға лейтенанты.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына 380-ші жеке байланыс батальоны құрамында саяси жетекшінің орынбасары; (4)9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының 147-ші (гвардиялық) атқыштар полкінде 3-ші батальон құрамында рота командирінің саяси бөлім бойынша орынбасары; 34-ші гвардиялық атқыштар полкі құрамында атқыштар батальонының партия ұйымдастырушысы ретінде соғысқа қатысқан (Ленинград, Оңтүстік, 2-ші, 3-ші, 4-ші Украин майдандары). 1945 жылдың тамызында жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Қазақстан К(б)П Павлодар облысы Максим Горький аудандық комитетінде нұсқаушы, статистика және бірыңғай партбилет секторының меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны ІІ степени, Красной звезды; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалі.