Рақымжанов Мұса

1909 жылы туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылы тумасы. 1980 жылы 6 маусымда Павлодар облысы Баянауыл ауданында қайтыс болды.

Атағы. Кіші лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1940 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысында Батыс, Қиыр Шығыс майдандары әскерлері құрамында әскери цензураның армиялық бөлімінде аудармашы ретінде соғысқан. Кеңес-жапон соғысына қатысқан. 1947 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайың орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени, Красной звезды ордендері; «За боевые заслуги» медалі; «Отличник народного просвещения Казахской ССР» төсбелгі.