Рақымжанов Смағұл Айбасұлы

1925 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Артиллерияшы.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылы шақырылған.

36-шы мотоатқыштар дивизиясының 175-ші артиллерия полкі құрамында Жапониямен соғысқа қатысқан. 1948 жылдың маусымында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. «Майкаинзолото»  комбинаты Майқайың кенішінде аға инспектор, кадрлар бөлімінің басшысы, «Майкаинзолото» комбинатында партия ұйымының хатшысы (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).

Марапаттары. Орден Отечественной войны ІІ степени; «За победу над Японией» медалі.