Сыздықбеков Ахмұхан (Ақмұқан)

1916 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Атқыш.

Атағы. Капитан.

Жауынгерлік жолы. 1938 жылы ЖШҚА-ға шақырылды. Ұлы Отан соғысында 72-ші атқыштар дивизиясының 14-ші атқыштар полкінде ротаның саяси жетекшісі  ретінде; «На страже Родины» (Лениград майданы) газетінің қазақ тіліндегі корреспондент-ұйымдастырушысы ретінде қатысты.

Еңбек жолы. Баянауыл балалар үйінің директоры, Баянауыл қазақ орта мектебінің мұғалімі, Воршилов атындағы кеңшарының толық емес орта мектебінің директоры, «Щадринский» кеңшарының партиялық бюросының хатшысы (Павлодар облысы Баянаыл ауданы)         болып қызмет атқарды.

Марапаттары. Красной Звезды ордені, «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За освоение целинных земель», «Ветеран труда» медальдары; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесять  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдар.