Сыздықов Шайық (Шайх)

1915 жылы  17 қарашада туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1999 жылы қайтыс болды.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы. 1940 жылы қарашада ЖШҚА-ға шақырылды. Ұлы Отан соғысында Ленинград майданының әскерлері құрамында; 64-гврдиялық атқыштар дивизиясының 197-ші гвардиялық атқыштар полкінде зеңбірекші көмекшісі, 45 мм зеңбірек батареясының тасымалдаушысы ретінде соғысты. Ленинградты (РСФСР) қорғауға, Литва, Эстония және Шығыс Пруссияны азат етуге қатысты.

Еңбек жолы. «Майкаинзолото» комбинатының (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) Шөптікөл учаскесінің аға шебері, жабдықтау жөніндегі үйлестірушісі, мал союшы, бригадир болып жұмыс істеді.

Марапаттары. Отечественной войны I степени ордені; «За отвагу» (екеу), «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За освоение целинных земель», «Ветеран труда» медальдары; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Маршала Советского Союза Жукова Г.К. мерейтойлық медальдары.