1916 жылдың 5 мамырында Павлодар облысы, Баянауыл ауылында дүниеге келген. 1991 жылы қайтыс болды.
Атағы. Кіші лейтенант.
Жауынгерлік жолы. 1939 жылы қазан айында әскер қатарына шақырылды. 1942 жылдан Қиыр Шығыста соғыста болады. 1942 жылдың наурыз-тамыз айларында 77 танкі бригадасының взвод командирі, 1942 жылдың тамызы мен 1943 жылдың тамыз айларында дивизия артиллериясының бөлімшесінің командирі, 1945 жылдың тамызына дейін взвод командирі болады. 1945 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Жапонияға қарсы соғысқа қатысты.
Еңбек жолы. 1946 жыдың қыркүйек айынан бастап Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Майқайың қазақ орта мектебінде математика пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастайды. 1976 жылы зейнеткерлікке шығады.
Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «За победу над Японией» медалі; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Вооруженным силам СССР 50 лет», «Вооруженным силам СССР 60 лет», «Вооруженным силам СССР 70 лет» «Халық алдындағы ағартудың озаты», «Социалистік жарыстың жеңімпазы», мерейтойлық медальдарымен марапатталды.