Тенкіманов Әбди

1900 жылы 18 қыркүйекте Баянауыл ауданы Жаңа-Талап (қазіргі Сарыөлең бөлімшесінде) дүниеге келген. Қызылшілік поссоветінде білім алған.

1940 жылдың қараша айында Кеңес әскері қатарына шақырылып, Ленинградтың әскери аймақтық 24-ші дивизиясы, 270 атқыштар полкі қатарында финсоғысын басынан өткерді. 1942 жылдың басында Мәскеу маңында, Германияда, Венгрияда соғысты басынан өткерді. 1942 жылдың 21 қарашасында сұрапыл соғыс кезінде ауыр жарақат алып Свердлов- Саратов № 414 әскери госпиталіне түседі. 1943 жылы 1-ші топтағы мүгедектік беріліп еліне қайтарылады.

Елге оралған соң 1945 жылдан бастап мал шаруашылығына араласып, орақ кезінде соқада, шөп бригадасында, шалғы қайрау жұмыстарына ат салысып еңбек етті.

Соғыста көрсеткен ерлігі үшін «Ленин»,  Отечественной войны І степени , Красной Звезды ордендері, «За освобождение Варшавы» медалімен мерейтойлық медальдармен марапатталды.

1994 жылдың 23-ші ақпанында дүние салды.