1902 жылдың 20 қыркүйекгінде туған. Павлодар облысы Бесқарағай ауданының Башкөл ауылының тумасы.
Әскери білімі, мамандығы. Кіші командирлер құрамын даярлау полктік мектебі, (1925ж), кіші командир. Қазақ ССР ОГПУ(БМСБ) жанындағы жедел құрамды даярлау курстары.(1933ж), Қазақ ССР ОГПУ жанындағы саяси бөлімдер бастықтары орынбасарларын даярлау курстары (1935ж.)
Атағы. Капитан
Жауынгерлік жолы. 1941 жылы Орлов әскери округінің ІІХҚ арнайы бөлімінің қарамағына жіберілді. Батыс майданның1-ші гвардиялық атты әскер корпусының 31-ші гвардиялық атты әскер дивизиясы құрамында ІІХҚ арнайы бөлімі бастығының орынбасары ретінде; 3-ші Украин майданында 9-жеке гвардиялық танкке қарсы жойғыш бригада құрамында «Смерш» қарсы барлау бастығы ретінде соғысты.
Еңбек жолы. Павлодар облысы Лозов, Баянауыл аудандарының МҚМБ-ІІМБ бөлімдері бастығы. Павлодар облыстық МҚМБ-ның қызметкері болып қызмет еткен.1953 жылы запасқа шыққан.
Марапаттары. Красного Знамени, Красной Звезды (екеу) ордендері; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За взятие Будапешта» медальдары.