Тұмарбеков Ахмет Тұмарбекұлы

1923  жылы 10  қазанда туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 2002 жылдың 25 қарашасында  Алматы қаласында қайтыс болды.

Әскери білімі, мамандығы. Ф.Энгельс атындағы Ленинград әскери-саяси  училищесі (1944 ж.).

Атағы. Лейтенант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына зеңбірек нысанашысы ретінде, 4-ші гвардиялық әуе-десанттық  дивизияның 6- шы жеке  танкке қарсы  жойқыш дивизионы құрамында ТҚМ- бөлімшесінің командирі ретінде қатысқан. (Орталық, 1-ші, 2ші Украин майдандары).

Еңбек жолы. Ресей Федерациясы Горький облысының ІІМБ-ның  органдарына қызмет  етті, Семей облыстық ІІМБ бастығының орынбасары, бастығы, Қазақ ССР ІІ-нің қадрлар. Басқармасының бастығы, Қазақ ССР Ішкі Істер  Министрінің орынбасары, КСРО ІІМ-нің ТІІББ-ның транспорттағы Шығыс  басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.Милиция генерал-майоры.

Марапаттары. Отечественной войны І степени, «Трудового Красного Знамени», Красной Звезды (екеу), «Знак Почета» ордендері; «За отвагу», «За боевые заслуги» медальдары.