Тұрлыбеков Жарқымбай

1907 жылы туған. Қарағанды облысының тумасы.Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарайтын Құлакөл ауылында 1985 жылдың 10 маусымында қайтыс болған.

Әскери мамандығы. Пулеметші.

Атағы. Қатардағы жауынгер.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың наурызында шақырылды.Ұлы Отан  соғысына Мәскеу түбіндегі Белая Церковь қаласының маңында пулеметші ретінде қатысқан. Тула, Минск қалаларын жаудан азат етуге қатысқан. 1943 жылдың 4 ақпанында жараланып әскери госпитальға түседі. Емделгеннен кейін әскерге жарамсыз деп танылып, елге қайтарылды.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Майқайың кентінде теміржолшы болып жұмыс істеген.

Марапаттары. Отечественной войны І степени ордені; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За оборону Москвы» медальдары.