Төлжанов Ажиакпар

1906 жылдың 15 қаңтарында Баянауыл ауданы Александровка ауылында дүниеге келген.

1936 жылы Уфа қаласындағы техникалық училищені аяқтады. «Жетіқараалтын»ұйымына жұмысқа жолдама бойынша жіберілді.

1941 жылдың 27 шілдесінде «Жетіқарадағы» әскери бөлімшенің шақыртуы бойынша әскер күштер қатарына алынды.

1943 жылы Курскі жанындағы соғыста жараланып тұтқынға алынады.

Бухенвальд концлагердегі 1945 жылдың сәуір айында болған көтерілісте тұтқыннан қашып шықты.

1945 жылдың шілдесінен 1945 жылдың қараша айына дейін Польшадағы № 1818 эвакуация госпиталінде ауыр жарақатынан емделеді және сол жерден босатылады.

Майқайың кентіне келіп «Майқайыңалтын» комбинатының механикалық цехында еңбек жолын бастады. 23 жыл еңбек жолын слесарлықтан бастаған ол зейнеткерлікке шыққанға дейін сол цехтың басшысы болып қызмет атқарды.

Азат қызметі еленіп, 1966 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының ұсынысы бойынша «Еңбектегі ерлігі» медалімен, 1967 жылы «КСРО –ғы түрлі-түсті метоллургияның социалисттік жарысының үздігі» кеуде белгісімен марапатталды.

1969 жылы – 23 жыл еңбек жолында жаңа техниканы және цехта озық техналогияларды еңгізудегі белсенділігі үшінде марапаттарға ие болды.