Төретаев Көкіш

1918 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың к. туған; 1993 жылдың 4 қазанында қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз ауданы Шиқылдақ а.

Әскери мамандығы. Атқыш, пулеметші.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың 20 қазанында шақырылған. 62-ші атқыштар дивизиясының 306-шы атқыштар полкі құрамында атқыш ретінде соғысқан.

Еңбек жолы. Баянауыл ауданының «Майқайыңалтын» комбинатында жиыстырушы, Төрт құдық кенті фабрикасында қопарушы, Екібастұз ауданының «Комсомол» кеңшарында малшы, шопан болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Орден Отечественной войны ІІ степени; медальдар: «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За трудовую доблесть», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,

« Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».