«Суретті тауып, құрастыр» атты іс-шара өткізiлді.

Қазан айының екінші жексенбісі мүмкіндігі шектеулі жандар күні.
Мүмкіндігі шектеулі жандар ерекше қамқорлық пен мейірбандылыққа зәру жандар. Балалық шақ- бұл бәріміздің ең бақытты шағымыз. Әр адам үлкейген сайын сол балалық шағын аңсайды, сағынады, сағына еске алады. Сондықтан әр бала өздерінің балғын балалық шағын мәңгі естен кетпестей етіп өткізсе дейміз. Осындай мақсатпен Орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінің кітапханашылары мүмкіндігі шектеулі ауылымыздың кішкентай тұрғыны Рустамбек Ділназдін үйіне барып «Суретті тауып, құрастыр» атты іс-шара өткізді.
Ертегі оқып, сурет салып, мозайка құрастырып, сыйлықтар табыс етілді.

 

Instagram

Facebook